Үндеу Қазақстан құқық қорғау ұйымдары мен азаматтарының альянсы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғ.Д. Нұрдәулетовке
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Ресми өкілі Э.А. Әзимоваға
Үндеу Қазақстан құқық қорғау ұйымдары мен азаматтарының альянсы
Құқық қорғау ұйымдарының альянсы адам құқығы мен бостандығының фундаменталдық негіздеріне қолдау білдіре отырып, Қазақстанда болған қаңтар оқиғасы кезінде азаптау мен зорлық-зомбылыққа байланысты шағымдардың көбеюіне алаңдаушылық білдіреді.
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның азаптауға және өзге де зорлық-зомбылыққа қарсы Конвенциясын, Азаматтық және саяси бостандық туралы халықаралық пактіні және т.б ратификациялады. Мемлекет өз мойынына бірқатар міндеттерді алды. Оның ішінде адам құқығы мен бостандығының фундаментелдық негіздерін сақтау да бар.
Мемлекет басшысы өзінің 09.06.2021 жылғы (Қазақстан Республикасының адам құқығы бойынша алдағы механизімдері) жарлығында үкіметке 25.01.2022 жылға дейін адам құқығын сақтауға байланысты алғашқы жоспарларды ұсынуды тапсырған. Оның ішінде қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың алдын алу мәселелері бар.
Елде 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық алдын алу тетігі – қоғамдық бақылау институты арнайы тексеру жүргізді. Оның есебінде жабық мекемелерде жазасын өтеушілердің құқығы қаншалықты сақталғандығы жөнінде айтылған.
Жоғарыда айтылған есепте көрсетілген ақпараттар мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен адам құқыының фундаменталдық негіздерінің сақталғанын толыққанды бақылау үшін қол жетімді болуы тиіс.
Біз, құқық қорғаушылар мен азаматтар оны білуге құқылымыз.
Құқық қорғау ұйымдарының альянсы жариялауды талап етеді:
-ҰАТ өкілдерінің жабық мекемелер бойынша есебін, зорлық-зомбылық құрбандарының саны;
-Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің ҰАТ есебінде көрсетілген ақпараттарға, Адам құқықтары бойынша ресми өкіл мен ҚР Адам құқықтары орталығының шағымдарына байланысты қабылдаған шаралар тізімі;
-ҚР Қылмыстық Кодексінің 146 бабы «Азаптау» бойынша қозғалған істер саны. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 187 бабының 4 тармағы бойынша қозғалған істердің сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен не себепті ІІМ айналысуда;
– Адам құқығын сақтауға байланысты алғашқы жоспарларды қабылдауға байланысты ақпарат беру. Оның ішінде Қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың алдын алу.
Біздің үндеуіміз қызығушылық танытқан (ұйымдар мен жеке азаматтардың) барлық тараптардың қол қойып, қолдау білдіруіне ашық.
Адам құқығы мен бостандығының фундаменталдық негіздерін қолдау бойынша құқық қорғау ұйымдарының альянсы қатысушылары:
1.Қазақстанның азаптауға қарсы коалициясы ҮЕҰ.
2.Құқық қорғаушылардың жаңа толқыны коалициясы.
3.Құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділерді қорғау коалициясы.
4. Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросы.
5. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры.
6. «Қадір-Қасиет» қоғамдық бірлестігі.
7. «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қоры.
8. «Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры.
9. «Либерти» қоғамдық қоры.
10. «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қоры.
11. «Қазақстан жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қоры.
12. «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту» қоғамдық қоры.
13. «Human Rights Consulting Group» қоғамдық қоры.
Свежие комментарии