Фундаменталдық құқықтарды сақтау жөніндегі Құқық қорғау альянсын құруға байланысты үндеу

2022 жылдың алғашқы күндері елімізде әлеуметтік-экономикалық және саяси талаптармен басталып, шабуыл, зорлық-зомбылық пен әуежай, полиция департаменті сияқты стратегиялық маңызға ие мемлекеттік ғимараттардың өртелуі және дүкендердің тоналуымен аяқталған бейбіт шеру кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айта отырып, төменде көрсетілген құқық қорғаушы ұйымдар фундаментальдық адам құқықтарын қорғау альянсын құрды.

Құқық қорғау альянсының басты мақсаты – наразылықтардың хронологиясын, барысын объективті және әділ белгілеуге, құқық қорғау органдары мен демонстранттардың әртүрлі топтарының іс-әрекеттерін талдауға, наразылықтардың бейбіт кезеңнен зорлық-зомбылыққа өту себептерін, әділ сот процесінің стандарттарын қатаң сақтау үшін тергеу барысында азаматтардың іргелі құқықтарын сақтауға, азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерге жол бермеуге, кінәлілерді әділ жазалауға, ал жазықсыздарды қылмыстық жауапқа тартпауға, саяси оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерін зорлық-зомбылық жасағандардан бөліп қарауға атсалысу.

Ол үшін құқық қорғау альянсы оған кіретін коалициялар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді, бірлескен ақпарат ресурсын жасауды, құқықтық көмек алу үшін азаматтарға жедел желілер ашуды жоспарлауда. Атап айтқанда:

– Ақпараттарды жинау және оны құжаттандыру (журналистер, куәгерлердің видео және аудиолары);

– Өмір сүру құқығын қамтамасыз ету;

– Зорлық-зомбылық пен азаптаудан бостандық құқығын қамтамасыз ету;

– Мамандандырылған заңдық көмек алу және оны таңдай алу құқығы мен бірінші тергеуге дейін адвокатпен жеке кездесу құқығын қамтамасыз ету;

– Телефон соғу құқығы (ұсталған азаматтың қайда екенін айтуы);

– Болған трагедиялық оқиғаға байланысты журналистердің ақпарат алу құқығы қамтамасыз ету;

Біз болған оқиғаны, билік, құқық қорғау органдары мен қарсылық акциясы қатысушыларының іс-әрекеті обьективті және әділ тексеру, тергеп-тексеру мен сот барысында фундаментелды құқықтардың сақталуы болашақта бұндай оқиғалардың қайталануына жол бермейді деп ойлаймыз.

Қазақстан азаптауға қарсы Коалициясы

Құқық қорғаушылардың жаңа буыны Коалициясы

Құқық қорғаушыларды қорғау және қауіпсіздік Коалициясы

Халықаралық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан бюросы

«Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

«Кадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі

«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қоры

“Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры

«Қазақстанның жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қоры

«Либерти» қоғамдық қоры

««Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қоры» қоғамдық қоры

«Халықаралық құқықтық бастам» қоғамдық қоры

 

14 қаңтар 2022 жыл

Вам может также понравиться...