2022 жылдың 4 ақпанында Қазақстанның ҮЕҰ азаптауға қарсы Коалициясына азаптау және өзге де зорлық-зомбылыққа байланысты 72 шағым келіп түсті. Оның ішінде Алматы – 17; Талдықорған – 15; Шымкент – 4; ШҚО – 5; БҚО – 7; Ақтөбе – 3; Атырау – 5; Қарағанды – 1; Қостанай – 2; Павлодар облысы – 2; Орал – 6; Тараз – 5; Қызылорда – 6.
Шағымдардың 9 әйелдерден, 69 ер адамдардан, 10-ы кәмелеттік жазқа толмаған жасөспірімдерден келіп түсті. Коалиция 25 шағымданушыға адвокат тауып берді. 4 адамға психологиялық көмек алуға жәрдемдесті. Коалиция қараған шағымдардың 13-і ҚР ҚК 146 бабы (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді, тергеу жүріп жатыр. 7 шағым КУИ-ға тіркелді. Коалицияда «қызметтік тексеруге» берілген істер жөнінде ақпарат жоқ. Сарапшылардың ақпараты бойынша, қазір сараптама тек 3 қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні Коалиция тез арада шешуді талап ететін төмендегідей жүйелік қателіктерді анықтады:
Кәмелеттік жасқа толмаған күдіктілерге байланысты:
АНЫҚТАМА: Бүгінгі күні Каолицияға Талдықорған тергеу изоляторларында күдікті ретінде 12 кәмелеттік жасқа толмаған бар екені белгілі. Қаңтар оқиғасына байланысты 3 ақпандағы дерек бойынша, 8 жасөспірім әлі қамауда отыр. Алматы қаласындағы СИ-18 тергеу изоляторында отырған 3 кәмелеттік жасқа толмағандардың біреуі әлі қамауда ұсталуда. Бұдан бөлек, Өскемен қаласында бір жасөспірім қамауда отыр.
Талдықорғанда қамауда отырғандар бойынша, 3 ақпандағы ақпаратқа сәйкес ата-аналарының азаптау жөніндегі шағымдарынан кейін прокуратура 6 іс қозғап, ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркелген. Бұл дегеніміз 6 оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалады деген сөз. 3 оқиға шағым кітабына есепке алынған, тіркелу кезегінде тұр.
Алматыдағы жағдай бойынша: Бір оқиға бойынша, негізгі істегі адвокатқа қосымша ата-анасының шағымынан кейін Коалиция жасөспірімді қорғауға тағы бір адвокат тауып берді.
ШҚО бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарды азаптау фактісі тіркелмеді. 3 ақпанда жасөспірімді қамауда ұстау жазасы ешқайда кетпеу туралы қолхат жазасына ауыстырылды.
Коалиция бақылауы бойынша күдікті ретінде қамауға алынған жасөспірімдердің көбісіне ҚР ҚК 291 бабы « қару-жарақ немесе жарылғыш заттарды ұрлау», 188 бап «ұрлық» және 272 бап «жаппай тәртіпсіздік» бойынша айып тағылған.
1.Жасөспірімдерді қамауға алу тергеу сотының шешімі бойынша жүзеге асырылған. Қамауға алынғандардың сөзінше, үкім олардың жасына, денсаулығына қарамастан шығарылған.
2. Құқық қорғаушылар мен ата-аналарының сөзінше, кәмелеттік жасқа толмағандарды үлкен адамдармен қатар ұрып, соғып, азаптаған.
3. 1. Құқық қорғаушылардың ақпараты бойынша, күдікті жасөспірімдер ересек адамдармен бірге қамауда болған. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен күзетпен ұстау туралы заңнама бұзылған.
4. Күдікті жасөспірімдерге қатысты іс ювеналды сот төрелігінсіз қаралған және қаралуда. Атап айтқанда ювеналды инспектор, ювеналды психологсыз өтуде. Тергеу тарапы ұсынған кейбір (тегін) адвокаттар қорғауындағы жасөспірімдердің азаптауға, денсаулығына байланысты шағымдарын қалыс қалдырған. Құқық қорғаушылармен сөйлес барсында кейбір жасөспірімдер адвокаттарын қамауға алынған кезде алғаш рет көргенін айтқан.
5. Заң бойынша, жасөспірім ата-анасынсыз немесе адвокатсыз өз бетімен ешқандай процессуалдық іс-қимыл жасай алмайды. Құқық қорғаушы, прокурор немесе ата-анасымен кездескенге дейін көптеген жасөспірім азаптау жөнінде шағымдана алмаған. Коалиция бақылауы бойынша, көптеген жасөспірімдердің азаптауға байланысты шағымдарын адвокаттар қараусыз қалдыруда. Ол осы күнге дейін жалғасуда.
Азаптау жөнінде шағымданғандардың қауіпсіздігі бойынша:
1.Коалиция азаптау мен зорлық-зомбылық көрген азаматтар ол жөнінде ашық айтудан қорқатынын байқады. Көбісі құқық қорғау органдары тарапынан қысым көреміз бе деп қорғады.
2. Азаптау бойынша шағымданып, тергеу басталған азаматтар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Олар өздеріне жала жабу немесе жалған ақпарат таратты деген айып тағама деп алаңдайды. Жалған ақпарат тарату жөнінде Атырау облысының ІІД бірнеше рет өзінің фейсбук парақшасында жазды.
3. Коалицияда азаптау жөнінде шағымданған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қандай да бір шара қабылданғаны жөнінде ақпарат жоқ.
4.Азаптау бойынша жұмыс істеп жатқан адвокаттардың өзі белсенділік танытудан тартыншақтайды. Олар да өздеріне қысым жасалама деп қорқады.
Азаптау шағымдарын тіркеу мен тергеулерге байланысты:
1.ҚР ҚК 146 бабы «Азаптау» бойынша шағымдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңға тізімге емес, бірінші ақпаратты ескепке алу кітабына тіркеледі. Яғни сотқа дейінгі тергеу жүргізу көп жағдайда кейінге қалдырылады. Бұл ҚПК талаптарына қайшы.
2. Қазақстанда азаптауларды тәуелсіз тергеу органы жоқ. Құқық қорғау органдары тарапынан жасалған азаптауларды жемқорлыққа қарсы агенттік тексереді және керсінше. Коалиция бақылауынша, жемқорлыққа қарсы агенттік азаптауларды тексеруде тиімділігін көрсете алмады. Азаптауларға байланысты істер көп жағдайда құқық қорғау органдарының ішкі қауіпсіздігіне берілді. Бұл істер уақытша тоқтаумен немесе мүлде тоқтатылумен аяқталуда. Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметі қараған санаулы ғана іс сотқа дейін жетті.
3.Қаңтар оқиғасына байланысты азаптауларда тергеу тарапы зардап шеккендерді сот-медицина немесе психо-психиатриялық сараптамаға Стамбұл протоклды бойынша жібергенін жағдайлар Коалицияға белгісіз.
Коалиция Қазақстандағы азаптаудан бостандық құқығы бойынша ахуалды қадағалауды жалғастырады және Қазақстан Республикасының осы құқық бойынша өзінің барлық міндеттемелерін сақтайтынына үміттенеді.
Коалиция азаптау құрбандарына құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге дайын.
Құқық қорғау органдары тарапынан немесе кез келген билік құқылымынан азаптау, зорлық-зомбылық көрген тұлғалар Коалицияның үйлестіру ұйымына хабарласа алады:
Алматы қаласындағы АҚмЗСЖХҚБ бас офисі
050035 Алматы. қ, 8 ықшам аудан, 4-а, 423 және 428 офис.
Анна Солодова, ҚР аумағында құқықтық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша үйлестіруші +7 708 112 0938, smirnova.ig.anna@gmail.com
Коалиция азаптаудан бостандық құқығы бұл – ешқандай жағдайда шектелмейтін абсолютті құқық екенін еске салады. ҚР ҚК-нің 146-бабы “азаптаулар” бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың ескіру мерзімі болмайды, тараптарға рақымшылық жасауды немесе татуласуды көздемейді.
Свежие комментарии