Қазақстан Республикасындағы түзету мекемелеріндегі коронавируспен күрес: БҰҰ ұсыныстарын орындау мәселелері

 

 

 

 

Исх.№ 19 от «8» _апреля_ 2020 г.

Қазақстанның азаптауларға қарсы ҮЕҰ Коалициясының үндеуі
Қазақстан Республикасындағы түзету мекемелеріндегі коронавируспен күрес: БҰҰ ұсыныстарын орындау мәселелері

Коронавирустың одан әрі таралуы және жеке адамның қоғамнан мәжбүрлі оқшаулану жағдайында аурудың өршу қауіпінің жоғарылауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл проблемаға барынша назар аударуы тиіс. Мәселені толықтай шешу үшін азаптаулардың алдын алу жөніндегі комитет ұсыныстары мен коронавирус індетіне қарсы механизімдерді орындау қажет (2020 жылдың 25 наурызында қабылданған).

Бұл ұсыныстардың негізгі лейтмотиві – түрме және өзге де мәжбүрлеп оқшаулау орындарындағы қоғамға қауіпті емес адамдардың санын азайту. Айта кету керек, Қазақстан Республикасы түзету мекемелеріндегі сотталушылардың жағдайы коронавирус инфекциясының таралу қауіпін күшейтеді.  Аталмыш мекемелерде жұқпалы аурулардың алдын алуға қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайды, әлеуметтік дистанцияны сақтау мүмкін емес.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы шеңберінде жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ол төтенше жағдай кезінде тұтқындар санын азайту үшін тиісті құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдетілген түрге ауыстыру негіздеріне төтенше жағдай уақытында түзетулер енгілу ақылға қонымды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында кепілдікке босату және қамауда ұстау жазасынан бөлек шаралар қабылдау негізін кеңейту қажет.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату тетігін жетілдіру қажет.

Сонымен қатар, сотталушылар мен сотқа дейінгі тергеу изоляторларында отырған адамдарды коронавирус пандемиясы жағдайында тексеру керек. Олар бірінші кезекте 60 жастан асқан, жүрек-тамыр, тыныс алу және эндокриндік жүйе аурулары бар адамдар болуы тиіс. БҰҰ азаптаулардың алдын алу комитетінің ұсыныстары осы азаматтарға бағытталуы қажет.

Бұған қоса, бостандыққа шыққан азаматтарды бақылауда ұстау қажет. Ол үшін бұл жұмысқа пробациялық бақылау қызметкерлерін жұмылдыру керек.

Сонымен қатар, әйелдер мен кәмелет жасына толмаған сотталушылардың санын азайту қажет. Оған ҚР қылмыстық заңнамасы мен амнистия институтын пайдалануға болады. Оны алда келе жатқан жеңістің 75 жылдығына арнауға болады.

Қазақстанның азаптауларға қарсы ҮЕҰ Коалициясы

 

  1. Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросы.
  2. MediaNet Халықаралық журналистер орталығы
  3. «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорысеріктес
  4. Құқықтық саясат зерттеу орталығы
  5. «Аман-саулық» қоғамдық қоры
  6. «Феминисттер Лигасы» қоғамдық бірлестігі
  7. Қазақстан Балалар Қоры
  8. «Халықаралық Құқықтық Бастамалар« қоғамдық қоры
  9. «Талдықорған құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі
  10. «Қазақстандағы Дағдарыс орталықтарының орталығы» заңдық тұлғалар бірлестігі
  11. «Ару Ана» қоғамдық бірлестігі
  12. «Витязь» құқықтық ақпарат және журналистік зерттеулер республикалық агенттігі
  13. «Талдықорған аймақтық демократияны қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
  14. «Сана Сезiм» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі
  15. «Doktor S.N.» қоғамдық қоры
  16. «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
  17. «Қадірқасиет» қоғамдық бірлестігі
  18. «Жастар мәселесі орталығы« жастар қоғамдық бірлестігі
  19. «Медиа Севрис Орталығы» ҚБ (Оңтүстік Қазақстан облысы журналистер қоғамдық бірлестігі)
  20. «Сенімді тірек« қоғамдық қоры
  21. СПИД-ке қарсы ұйымдардың ұлттық қауымдастығы
  22. Әлеуметтік ресус орталығы
  23.  «Үміт сәулесі» адам құқықтарын қорғау және туберкулезбен күрес қоғамдық қоры
  24. «Прометей» қоғамдық қоры
  25. «Қылмыстық реформа және адам құқықтарын сараптау комитеті» қоғамдық қоры
  26. «Павлодар аймақтық халыққа баспана беру»ҚБ
  27. «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қоры
  28. «Заңгер көмегі» ЖШС
  29. «Альтернатива» медициналық экспертиза бюросы
  30. «Өркен» Болашақ ұрпақ үшін Қоғамдық Қоры
  31. «Equal rights» Қоғамдық Бірлестігі
  32. Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» Қоғамдық Бірлестігі
  33. «ZIIAT GROUP» Адвокаттар кеңсесі АОКА (40 адвокат)
  34. Рамазанова Лейла, Адвокат АГКА, «Адвокат» заңдық кеңес беруге маманданған
  35. Татьяна Чернобиль, тәселсіз сарапшы
  36. Гаухар Салимбаева, тәуелсіз сарапшы
  37. Тургунова Гульнара Каимовна, дәрігер, заңгер
  38. Новиков Сергей Владимирович, тәуелсіз заңгер
  39. Жанаргуль Сүндетқалиева, адвокат, Атырау қаласы
  40. Снежанна Ким, адвокат, Костанай облыстық адвокаттар коллегиясы
  41. Аманжол Мұхамедяров, адвокат, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар коллегиясы
  42. Светлана Виневцева, адвокат СКОКА (Петропавл қаласы)
  43. Елена Игнатенко, СКОКА (Петропавл қаласы)
  44. Бауржан Азанов, Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі
  45. Гүлнұр Идигеева, Ақтөбе облыстық ҮЕҰ торбының мүшесі
  46. Гүлнара Жуаспаева, АГКА адвокаты
  47. Дәрібаева А.С., ШҚО адвокаттар коллегиясы, ГЮК Семей қаласы
  48. Кусаинова Анара, адвокат Восточно-Казахстанской областной коллегии адвокатов
  49. Козлов Владимир
  50. Абжан Махамбет
  51. Аханбеков Арман
  52. Калиева Даная

Вам может также понравиться...